Weekend
Германия билігі мұражайды тонауға қатысты тергеуді бастады
Дрезден полициясы «Жасыл жинақ» қазынасынан ұрланған ежелгі зергерлік бұйымдардың орналасқан жері туралы немесе мұражайды тонап кеткендер туралы ақпарат үшін 500 мың евро төлейді, деп хабарлайды korrespondent.net.
Билік бұл туралы 28 қараша күні жариялап, бұл қылмысты тергеу жөніндегі арнайы комиссияның құрамын 20-дан 40 адамға дейін ұлғайтқанын хабарлады.
- Тергеушілердің қарауында азаматтардың 342 хабарламасы, оның ішінде 49 фото және бейне айғақтар бар, бірақ олардың арасында бірде-бір дәлел жоқ, - дейді тергеу өкілдері.
Олар мұражайда кәсіпқойлар тобы жұмыс жасағандығын, төрт ұрлаушының бірі де ұсталмағандығын атап өтті.
Сарапшылардың көпшілігі ұрланған тауарлардың баға жетпес екендігін айтады. Осылайша, Дрезден мемлекеттік көркемөнер коллекциясының бас директоры Марион Акерман материалдық шығынның нақты мөлшерін анықтаудың мүмкін еместігін, өйткені Жасыл жинақта сақталған әшекейлердің сату құны анықталмағандығын жеткізеді.