Weekend
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖұма күн тілек тіледім
Білемін Тәңір берерін.
Жасасам күнә кеше гөр,
Бір АЛЛА өзің сенерім.
Жүрегім менің нұрланса,
Өзіңнің арқаң Тәңірім,
Алдыңа келіп жығылдым
Сүйген құлыңның бірімін.
Тіледім елдің бірлігін,
Тәуелсіздігімнің теңдігін.
Өскелең ұрпақ жастардың
Өресінің өрлігін.
Қолымды жайдым сеніммен
Күн кетпесінші көгімнен.
Пенделік менің қатемді
Ризамын АЛЛА кешірсең.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61