Саясат

Ирак армиясы демонстранттарға оқ жаудырды

13 адам қаза тапқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бейсенбі күні қауіпсіздік күштері Евфрат өзенінің арғы бетіндегі екі көпірге жиналған наразылық білдірушілерге оқ жаудырған, деп хабарлайды РИА Новости. 70-тей адам жарақат алған.

Соңғы апталарда Ирактың көптеген қалаларында наразылық акциялары өтуде, оларға қатысушылар жұмыссыздық бойынша күресу, сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы шараларды талап етуде.

Сонымен бірге Ирак армиясы тәртіпсіздіктерге қарсы арнайы «дағдарыстық бөлімдердің» құрылғандығы туралы хабарлады.

Армия қолбасшылығы елдегі тәртіпті қалпына келтіру үшін төтенше жағдайлар басқармасы құрылғандығын да айтып өтті.

- Қарулы күштердің бас қолбасшысы, премьер-министр Адиль Абдул-Махдидің бұйрығымен қауіпсіздік күштері мен қарулы күштерді басқаруға және губернаторларға өз міндеттерін орындауға көмектесу үшін осы бөлімге кіруге бірнеше әскери қолбасшылар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Наразылықтың алғашқы толқыны алты күнге созылып, оның барысында 149 наразылық білдіруші қаза болды. Содан кейін премьер-министр Абдул-Махди үкімет мүшелерін ауыстыруға, жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысын төмендетуге және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға шаралар қабылдауға уәде берген болатын.

Алайда бұл уәделер қазан айының соңында Ирак қалаларына көшеге шыққан наразылық білдірушілерді қанағаттандырмады. Қауіпсіздік күштері демонстранттарды ерекше қатыгездікпен таратып, оларға оқ жаудырып, көзден жас ағызатын газ бен су зеңбіректерін қолданды.

Ирактың Президенті Бархам Салех "егер Саяси партиялар премьер-министр лауазымындағы мұрагер есімімен келіссе, Абдул-Махдидің отставкаға кететіндігін" мәлімдеді.