Саясат

Түркия сыртқы істер министрі: Макрон - лаңкестердің демеушісі

Түркия мен Франция арасындағы араздық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның сыртқы істер министрі Франция президенті Эммануэль Макронды «лаңкестердің демеушілік жасады» деп айыптап, Франция басшысының Түркияның Сирияға шабуыл жасауына қатысты сынын жоққа шығарды, деп хабарлайды "BBC News" агенттігі.

Мевлүт Чавушоглу журналистерге Макрон мырзаның Еуропаның көшбасшысы болғысы келетінін, бірақ «ерігіп жүргенін» айтты.

Өткен айда Макрон мырза күрдтер басқаратын Сирия Демократиялық күштерінің (SDF) шенеунігін қабылдау арқылы Түркияның шамына тиген болатын.

Түркия мен Франция арасындағы араздық НАТО-ның Ұлыбританиядағы одақтастық саммитіне қатысудан бір апта бұрын туылып отыр.

"Бейсенбі күні Макрон Мырзаүш апта бұрынғы НАТО-ны «өлі ми» деп атағанынан бас тартпайтын айтты" деп жазды басылым.

Ол сонымен бірге Одаққа бұдан былай бірқатар маңызды мәселелер бойынша ынтымақтасудың қажеті жоқ, сондықтан «сергек» болу керек екенін ескертті. Сондай-ақ, Сирияның солтүстігіндегі түріктердің шабуылдарына еш әрекет жасамағаны үшін НАТО-ны сынға алды.