Weekend

Шымкентте жаңадан ашылған мәдени орындар туралы не білеміз?

Қаладағы мәдени кешендер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте - мәдени нысандар мекені. Қалада жаңадан ашылған мәдени кешендер.

Шымкентте субұрқақ пайдалануға берілді

Қаладағы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында табан тіреген гүлзар қайта абаттандырылды. Содан кейін ол жердегі субұрқақ пайдалануға берілді. Орталықта орналасқан субұрқақтың ашылуына қала басшысы Ерлан Айтаханов қатысты. Ол қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтады.

«Шымкент – қайырымды қала. Ол бүгінгі күнде қарқынды дамып жатыр. Қала тазалығы, тұрғындардың әл-ауқаты, сапалы өмір сүруі басты назарда. Қоршаған ортаға мейіріммен қарап, қаланың тазалығына барынша көңіл аударуымыз қажет. Ол іске қаланың әр тұрғынын шақырамын», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Мердігерлер гүлзардағы 2500 шаршы метрден астам жерді көгалдандырды. Одан кейін 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын төседі. Абаттандыру жұмыстары тамыз айында басталған.

Ахмет Байтұрсынов көшесі мен Төлеген Тәжібаев көшесінің қиылысында орналасқан гүлзардың негізі 2004 жылы қаланған. Арада 15 жыл өткеннен кейін 2019 жылы қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте ағайынды Гриммдер көрме-мұражайы ашылды

Шымкент қалалық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында ағайынды Гриммдердің жылжымалы кіші көрме-мұражайы ашылды.

Бұл көрме алғаш рет Ресей Федерациясында ашылған еді. Қазақстан Республикасында жылжымалы мұражайдың көрмесі бірнеше ірі қалаларда өтті. Оның жалғасы ретінде Шымкент қаласында ашылды.

Көрменің ашылуына оқушылар мен студенттер, ағайынды Гриммдердің шығармашылығына әуестенуші қала тұрғындары қатысты. Қойылған экспозицияда танымал неміс жазушыларының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын бұйымдар көрініс тапқан. Көрме-мұражайдың қоры туралы арнайы экскурсоводтар баяндайды.

«Бұл көрме 2018 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен үлкен көрменің базасында әзірленген. Жылжымалы кіші көрменің ерекшелігі сол, оны көптеген қалаларға тиімді апарып көшпелі көрмелер ұйымдастыруға болады. Шағын көрме алдымен Қостанай қаласында ашылып, екі ай бойы Тараз қаласында ұйымдастырылды. Енді міне көрме Шымкент қаласына келіп, көрерменге ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі деректер ұсынып отыр», - дейді Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығының мәдениет жөніндегі атташесі Вероника Гончароф ханым.

Шымкентте домбыраға арналған ескерткіш орнатылды

Қаланың әкімшілік-іскерлік орталы алаңында Ұлттық домбыра күніне орай домбыра аспабына орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ескерткіш "Түркістан" сарайының алдында орналасқан. Салтанатты жиынға қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер мектебінің оқытушылары мен шәкірттері куә болды.

Жиында айтыскер ақын Біржан Байтуов өз арнауын оқып, домбыра күні рухымызды асқақтататын мереке болуы тиіс екенін айтты. Мерекелік бағдарламада халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары орындалып, мерекенің әрін кіргізді.