Weekend

Тауында "Алла" жазуы бар ерекше мекен жайлы білесіз бе?

Қарғалы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Туған өлке – бұл тамыры терең, бар болғаны 9 әріп пен 2 сөзден тұратын киелі ұғым. Мүмкін, бұл «киелі ұғым» кейбір жандардың жүрегінен орын таппайтын шығар, бірақ менің ғұмырымда , өз ауылымның, туған жерімнің қасиетті қара тауымның алатын орны ерекше. 

Туған өлкеге  деген шыңырауы шексіз махаббат пен алапаты ауыр ыстық сезім мені ешқашанда қасиетті қара шаңырағмнан алыстатқан емес. Біреу сүйіп қалар, біреу күйіп алар, дегенмен жер басып жүрген әр адам өлкесін, қара суы мен қара тауын өзге дүниеге айырбастап, ұмытып кетуіне мүлде болмайды. Себебі кез келген адамның туған жері асыл мекен, алтын бесік емес пе?! Туған жердің төсінде қанат жайып, жайлауының етегінде құмарың қанғанша еркелеу тауының баурайында асыр салып ойнаудың өзі түсінген әрбір жан үшін бір ғанибет дүние.

Менің Қарғалым ақындар мен  батырлар елі Жамбыл ауданы, Алатаудың асқар таулары мен белдерінің, жасыл жайлауы мен сарқырап аққан кіршіксіз таза мөлдір өзеннің етегіндегі  « тамыры- терең, тарихы-өлең, ырысты ел». Әлемнің бақыты да жеті қат жер астын жеті рет қопарсаңда таба алмайтын байлықтар - менің өлкемде. Ырысты істің бастауы да менің қара шаңырағымда. Туған өлкем – мен үшін дүниенің жеті кереметі құнына жетпейтін, шоқтығы биік қазынам. Аласармайтын асқақ тауларым мен бағбанның бағуынан шыққан белдерім – жүрегімнің төрінде. Бұл мекен – өте қасиетті мекен. Себебі, «Алла» жазуы бар ерекше тау тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, туристердің де таңдайын қақтырып, назарын аудартты. Бұл тау - Алатау, Хан тәңірінің жалғасы. Хан тәңірі немесе қазақтар бұрын бұл тауды Үйсін тауы деген. Тянь-Шань деп кейіннен аталған... Бұны – Жаратушымның ауылыма берген үлкен сыйы деп білемін.

Ауылымнан шыққан айтулы азаматтар: композитор-Әсет Бейсеуов, ғарышкер-Талғат Мұсабаев, әнші-Нағима Есқалиева, продюсер-Рашид Якубжанұлы Алланың берген ұлы мекеніне тағзым еткен. Қарғалым-табиғаттың тылсым күші сескен Алланың берген таусылмас көркемділігімен аласармайды. Менің өлкем- бұл менің мекенім! Қанша биікке шықсам да, қанша жетістікке жетсем де сенің құзар шыңыңнан асып түсе алмасым анық. Өзімнің Қарғалыма деген сезімімді мына өлең шумақтары арқылы аяқтағым келеді:

Қарғалы туып өскен асыл жерім,

Тарқаған осы жерде асыл тегім.

Кіндік қаным тамған жер сүйіп өтем,

Ыстықсың оттан қатты туған өлкем!

Табиғаты сөз жетпес сұлу көркем,

Өзені сылдыр қаққан сылқым еркем.

Әсемдігін жерімнің тамашалап,

Көре алмайтын тек қана соқыр екен!