Bugin

Шымкентте «Елбасы – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Мерекелік іс-шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.


Мемлекетіміздің өркендеуі мен гүлденуі жолында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік-экономикалық өрлеуі, халықаралық және өңірлік бағдарламалар аясындағы жемісті қызметі, күн өткен сайын әлемдік ауқымда артып келе жатқан абыройы ең алдымен Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазақстан қоғамы тәуелсіздік алған жылдар ішінде дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты. Еліміздің бүгінге шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі Ұлт көшбасшысының салиқалы да, сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асуда.
Мерекелік іс-шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.