Bugin

Шымкентте «Менің туым – менің Отаным» атты патриоттық акция өтті

Шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған бұл іс-шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында үшінші мегаполистің әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті мерекемен құттықтап, ұлт рухымыздың айғағы рәміздерімізге құрметтің ерекше сақталу қажет екенін жеткізді.

- Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей мәдениетін көрсетті. Ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ туымызды, әнұранымызды, елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтуы тиіс, - деді қала әкімі.

Ерлан Қуанышұлы салтанатты жиында қаланың белсенді жастарына "Nur Otan" партиясының мүшелік билетін табыс етті.

"Nur Otan" партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болған бұл патриоттық акцияға шымкенттік жастар қолдау білдірді. Ал, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.