Bugin
Шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды
Шымкент қаласында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған бұл іс-шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында үшінші мегаполистің әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті мерекемен құттықтап, ұлт рухымыздың айғағы рәміздерімізге құрметтің ерекше сақталу қажет екенін жеткізді.
- Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей мәдениетін көрсетті. Ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ туымызды, әнұранымызды, елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтуы тиіс, - деді қала әкімі.
Ерлан Қуанышұлы салтанатты жиында қаланың белсенді жастарына "Nur Otan" партиясының мүшелік билетін табыс етті.