Саясат

Хуситтер Сауд Арабиясының тікұшағын атып түсіргендігін хабарлады

Сауд Арабиясы әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Йемендік бүлікшіл қозғалыс «Ансар Аллах» деп аталатын хуситтер Сауд Арабиясының әскери-әуе күштерінің «Apache» тікұшағын атып құлатқан. Бұл туралы Reuters 29 қараша күні қозғалыс өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Йеменнің Корольдігімен шекарасында орын алған. Сауд Арабиясы әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.

 - Сауд Арабиясының Apache тікұшағы әуе-жер класындағы зымыранмен атып түсірілді ... Екі ұшқышта қаза тапты, себебі тікұшақ толығымен өртеніп кетті, - деп агенттік хуситтердің өкілі Яхья Сареаның мәлімдемесіне сілтеме жасайды.