Weekend
Қазақстанның үшінші мегаполисіне Шымкент қаласының 2200 жылдығы халықаралық мерейтойлар тізіміне енді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОсыған орай 2020 жылы Шымкенттің 2200 жылдығын халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіп, атап өтпекші. Мұндай шешім ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясында қабылданды. Сонымен қатар келесі жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын атап өту жоспарланып отыр. Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылды.
Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев ұйымға мүше мемлекеттерді аталған екі мерейтойға және Абай Құананбайұлының 175-жылдығына орай елімізде және шетелде өткізу жоспарланып отырған іс-шараларға қонақ ретінде қатысуға шақырды. Енді келер жылы Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы ресми түрде тойланады.
Бұл қуанышты жағдайды Шымкент тұрғындары мен қоғам белсенділері, блогерлер әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр.