Weekend

ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Азаматтармен кездесу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Аталған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.

Кездесуді Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай жүргізіп отырды.

Бұл басқосуда Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дариякүл Қожамжарова және «Шымкент орыс драма театрының» директоры Игорь Вербицкий баяндама жасады.

Президент  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диолог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын.

Бұл жиында билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселелері қаралды.