Weekend

Шымкентте «Менің кәсібім» жобасы жүзеге асуда

Кәсіп ашуға көмектеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға өз ісін ашуға мүмкіндік беретін жоба, Шымкент қаласында жүйелі жүргізілуде. Бүгінде қайырымды шараның шарапатын көріп отырған жанұялар бар.

Шымкент бойынша аталған жобаға 23 отбасы тіркелген. Солардың біреуі - Мадина Тайжанова. Ол төрт баланың анасы болса, 3 перзентінің мүмкіндігі шектеулі. Бұған дейін Мадина Тайжанова көже, самса сынды тағамдарды көше аралап саудалап келсе, енді оған аталған жоба аясында құны 400 мың теңгелік чикен, гриль аппараты табыс етілді.

Мадинаның отбасының бұл қуанышын бөлісуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы қатысып, олардың бастап жатқан кәсібіне сәттілік тіледі.