Weekend

Шымкенттік ата-аналар отбасылық эстафетаға қатысты

Салауатты өмір салты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай эстафета ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты - отбасы мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Тартысты бәсекеге бұл жолы тек оқушылар ғана емес, ата-аналар мен кураторлар да қатысты.

«Олимпиада жалыны» деп аталған додада 4 команда бақ сынасты. Әр топтан үш қатысушы тартысты әрі қызықты сайыс ережелерін жылдам орындап, мәре сызығын бірінші кесуге асықты.


Спорттық шара 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші кезеңде, кедергілермен жүгірден бақ сынаса, екінші кезеңде кір жаю мен жинаудан жарысқа түсті.
Одан әрі отбасы мүшелері өз күштерін байқап көріп, велоарбамен жүйіткіді. Сайыстың соңғы кезеңінде шатыр құрудан сынға түсті.


Эстафетаның шарты қарапайым болғанымен, пайдасы да мол. Көтеріңкі көңіл-күймен бой сергіді.

Қатысушылардың ойынына әділ бағасын берген қазылар алқасы жүлделі ІІІ орынды «Бейсенбай» жанұясына берсе, ІІ орынды «Әбдіхалық» отбасы жеңіп алды.

Жүлделі І орын «Дауреновтар» жанұясына бұйырды.

Ынталандыру сыйлығын «Ишмурзин» отбасы иеленді.

Қатысушы командаларға кубок пен алғыс хаттар, естелік суреттер табысталды.