Weekend
Пайдалануға берілген білім ошақтары
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкентте үш тілде білім беретін жаңа балабақша ашылды
Қалада үш тілде білім беретін 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Білім мекемесінің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов жаңа ғимаратты аралап көріп, балаларға жасалған жағдаймен танысты. Сонымен қатар бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, балалар мен ата-аналарды және тәрбиешілерді балабақшаның ашылуымен құттықтады.
Жаңа үлгіде салынған балабақша 31 топқа арналған. Онда балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары бар. Бұдан бөлек балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, балалардың психологиялық ерекешіліктерін қадағалайтын психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Мұнда ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, бүлдіршіндердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері ойын алаңшалары, жатын бөлмелер, дәліздер арнайы бейнекамерамен жабдықталған.
Шымкентте 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді
Шымкент қаласында жекеменшік 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім мекемесіне Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның есімі берілген.
Мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына барлық жағдай жасалған. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндік бар. Жаңа мектепте екі ауысымда 2400 оқушы оқи алады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге қаладағы бірқатар мектептер көшкен. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында қаладағы 11 жекеменшік мектептің 4200 оқушысы мемлекеттік сатып алу аясында қаржыландырылған.
«Химфарм» АҚ-да заманауи білім беру орталығы ашылды
Орталықтың ашылуына 100 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Негізгі мақсат – компания мамандарының біліктілігін арттыру. Бұл орталықта, сондай-ақ, IT технологиялар, автоматтандырылған метрология және технологиялық процестерді басқару саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері білім алады.
Айта кетейік, SANTO компаниясы бүгінгі таңда Қазақстандағы фармацевтикалық өндірушілердің арасында жетекші орынға ие. Компания бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттар шығарып, нарыққа ұсынып отыр. Өндірісінде 240-тан астам дәрілік заттар шығарылатын компания өнімдері ішкі нарыққа және Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменстан мен Тәжікстан елдеріне жіберілуде.
Шымкентте «Асыл бала» инклюзивті-зияткерлік мектеп-балабақшасы ашылды
Бұл мекеме жалпы білім беретін мектептерде ерекше оқу қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Аталған білім ұйымы «Асыл бала» республикалық қауымдастығы қорының қолдауымен ашылды.
Мектеп-балабақшаның ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен Мектепке дейінгі мекемелердің Қазақстандық қауымдастығы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Л.Куленова қатысты.
Жүз балаға шақталған мекеме ұжымы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды бейімдеумен қоса оларға халықаралық «Usmas» ментальді арифметика әдістемесін үйретеді. Мектеп-балабақша қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Әр бөлме сол топ балаларының жас ерекшілігіне байланысты дайындалған. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері, ойын алаңшалары, жатын бөлмелер мен дәліздер бейнекамерамен жабдықталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61