Weekend

Демалыс аймағы: Шымкентте Hawaii Shymkent ашылды

Қалада демалыс орны пайдалануға берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте Hawaii Shymkent  демалыс аймағы ашылды.

Үшінші мегаполисте Hawaii Shymkent демалыс аймағы пайдалануға берілді. Маятас елді мекенінде Бадам су қоймасы маңынан табан тіреген нысанның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт сияқты елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінде Данат Есболұлы демалыс аймағы қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенім білдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әбубәкiров те ел игілігіне жұмыс істей беруіне сәттілік тіледі. 

Жалпы құны 1 млрд 250 млн теңгелік жобаның құрылтайшысы – белгілі меценат Төкен Танаұлы. Аумағы 5,7 гектар кешенде бір мезетте 1500-2000 адам тыныға алады. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін Hawaii Shymkent аймағы отбасымен демалуға таптырмас орын. 3 бассейн, демалыс орындары, мейрамхана, конференц залы бар. Мұнда құрылыс кезінде 250 адам жұмыс істеген. Қазір 85 адам қызмет істеп жүр. Барлығы да осы ауылдың адамдары.