Hi-Tech

Құбыр тазалайды: Шымкенттік оқушы робот жасап шығарды

Құбыр тазалайтын робот

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттік оқушы құбыр тазалайтын робот жасап шығарды.

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Қуаныш Мәден құбыр тазалаушы робот ойлап тапты. Сонымен қатар оның авторлық патентін иеленді. Оқушы өз жобасын екі жыл бойы ойластырған екен.

Қуаныш Мәден өзі ойластырған роботтың техникалық рефератын әзірледі. Содан кейін ғана формуласы мен схемалары жазылған құжаттарды Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсырған. Идея авторлығын растайтын патент оған биыл тамызда табысталған.

Құбыр тазалайтын роботты құрастыру үшін жас өнертапқыш екі жыл бойы робототехника үйірмесінде оқиды. Идея авторы роботты бөлшектеп жинады. Шымкенттік оқушының роботын бүкіл Қазақстан біледі.

- Жобамды қазір көбі біледі. Себебі мен біраз жарыстарға қатыстым. Бұл жұмысым маған республикалык «3.2.1. СТАРТ» байқауында 1 орын және 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы, 60 мемлекеттің арасында өткен халыкаралык CASTIC-2019 жарысында инженерлік ғылымдар санатында 2-орын алып берді, - дейді жас ғалым.

Қуаныш  Мәден 2017 жылы «Жас өнертапқыш» номинациясын иеленді. Өнертапқыш өз өнімінің отандық өндірісте кеңінен қолданылғанын қалайды.