Саясат
Екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
болып Турханов Абай Абдиманафұлы тағайындалды. Абай Абдиманафұлы осыған
дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
А.Турханов 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша тасымалдау және
жол қозғалысын ұйымдастыру.
Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент филиалының жол белгілері бойынша маман болып
бастаған. 2008-2018 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, меңгерушісі,
бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
Ал, цифрландыру басқармасының басшысы лауазымын
Оспанов Айдос Бахытжанұлы атқаратын болады.
А.Оспанов 1987 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша каржыгер,
мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистрі.
Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласының Салық саясаты және кеден заңнамасы
басқармасының сарапшысы болып бастаған. 2010 - 2018 жылдары аталған мекемеде
бас сарапшы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары ОҚО
ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы, Шымкент қаласы ақпараттандыру,
мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін
атқарған.