Weekend

Жаңартылған білім мазмұны

Жаңартылған білім бастауыш сыныптарда қалай берілуде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың қараша айының 27 күні Қандыағаш қалалық №1 ЖББО мектебінде «Жаңартылған білім мазмұнында бастауыш сыныптарда пәндердің берілу ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар өтті. 

Семинарға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика-психология бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы Н.Ә.Кенжебекова, Мұғалжар аудандық әдістемелік орталығының бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Ж.Ж.Айтбаева және аудан мектептерінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегіорынбасаралары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылуына 2-сынып оқушылары мың бұрала билеп, 4-сынып оқушылары үш тілде өлеңдерін оқыса, бастауыш сынып мұғалімі Орынша Жамалқызы оқушысы және  ата-анасымен ән шырқап, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл –күй сыйлап, ашық сабақтарға шығарып салды.Сауат ашудан Қ.Қалниязова «Ұ дыбысы мен әрпі», жаратылыстануан Ж.Қалжанова «Денеге қалай күтім жасаймыз?», әдебиеттік оқудан Ш.Қабылқай «Түскі ас», математикадан Г.Амантаева «Математикалық олимпиада» , орыс тілінен Н.Байдаулетова «Культурное наследие» және Қ.Исабекова,  Г.Мусенова, Ә.Сапиналар «Мәдени мұра» тақырыбында интеграциялық сабақ өткізді.

Ұстаздар жан-жақты дайындықпен калгендігін көрсетіп, өз сабақтарында түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білді. Жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерімен қатар  кері байланыс, қалыптастырушы бағалауға,сыни ойлауын дамытуға арналған түрлі тапсырмалар бере отырып,өз сабақтарында  шеберліктерін көрсете білді. 

Сондай-ақ О.Есендикова «Пәндердің берілу ерекшеліктері және әдіс-тәсілдері», Ж.Жақсылықова жаратылыстанудан «Күн мен түннің ауысуы», А.Хайрулла «Көркем еңбек пәнінің берілуі» тақырыптарында шебер-класс өткізді.

Ж.Жақсылықова өз сабағында қолданған әдістерімен бөліссе А.Хайрулла келген қонақтарға түрлі тәсілдерді пайдаланып сурет салуға үйретті.

О.Жамалқызы  шебер класта  жаңартылған білім мазмұнындағы  сегіз ерекшеліктерге  тоқатала кетті.

Олар: 

1. Спиральдік қағидаты. 

2. Блум таксономиясы. 

3. Ортақ тақырыптар. 

4. ҰМЖ. ОМЖ. ҚМЖ жоспарлары.

5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру.

6. Пән бойынша сабақтастық.

7. Әлеуметтік дағдылар.

8. Оқытудағы жүйелі әрекеттік ұсыным.

Университеттен келген қонағымыз да өзі дайындап келген баяндамасымен бөлісіп, бүгінгі семинарды ұйымдастырушы мектеп басшысы Б.Ермекқызы мен директордың орынбасары Л.Қалиқызына ризашылығын білдірді. Мектеп пен университет арасындағы байланыс алдағы уақытта жалғасын табатынын ескерте  келе осындай семинарлар алдағы күннің еншісінде жоспарланып тұрғанын  айтты. 

Сөз алған  әдіскер  Ж.Айтбаева семинардың көңілінен шыққанын, әсіресе интеграциялық сабақ тамаша өткенін баса айтты. Осы сабақ түрін аудан көлемінде таратып, үздік сабақ берген ұстаздарды аудандық грамотамен марапаттауды Семинардың жабылуында мектеп басшысы Б.Е.Утешова қорытынды сөз алып, ұйымдастырушыларға , келген қонақтарға  алғыс айтты.

Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы,

№1 ЖББО мектебінің 11-сынып оқушысы

Ғылыми-жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәлілқызы