Саясат
Тұңғыш Президент күні
Бүгін таңғы сағат бестер шамасында Алматы қаласының Саин мен Шаляпин көшелеріндегі жаяу өткіншілер көпіріне «Ел басынан шіриді. #QAZAQKOKTEMI» деген баннер ілінді. Суретті инстаграм желісіне жариялаған rukh2k19 парақшасы.
- Бүгінгі елімізде сыбайлас жемқорлық пен зорлық-зомбылық орнаған, девальвация, несиелік және ипотекалық несиелер шегіне жеткен күнде, заң тапталып, бұзылған шақта біз «Тұңғыш Президент күнін» атой салып атап өтеміз, - деген пост жарияланымының өзі тікелей 1 желтоқсанға бағытталғанын білдіріп тұрғандай.
- Оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер ұлт көшбасшысына ризашылықтарын білдіруге міндетті. Көшелердің, астананың атауын өзгерту, қалаларымыздың барлық негізгі көшелеріне ескерткіштер мен портреттер тұрғызу, осының бәрі бірнеше онжылдықтар бойы бір қолмен билік жүргізіп, жеке тұлғаны табынуға алып келді дегенді білдіреді. Қазақстан өз тәуелсіздігіне осындай «жарқын болашақ» үшін талпынбады»деген кекесінмен жазылған посты арқылы тікелей ойын ашық жария етуде.Және де:"Біз республиканың тағдыры біздің қолымызда екенін халыққа жеткізгіміз келеді. Бізде мұндайға жол бермеуге құқығымыз бар, сөз бостандығына құқығымыз бар және біз осы құқықты сақтауымыз керек, - деп көрсету арқылы сөз бостандығын өздерінің басты қалқаны етіп алып отыр.
Яғни, халық та өз ойын білдіріп айтуға құқығы бар екенін көпшіліктің есіне салып отыр.
Сөз соңында: «Қазіргі уақытта біз қоғамның дағдарыстық жағдайы бүкіл саяси жүйені өзгертуді қажет ететінін көреміз. Күшті мемлекет тұжырымдамасы ең алдымен азаматтардың өз үкіметтеріне сенуіне негізделеді, бізде енді бұл сенім жоқ» деп түйіндейді.