Экономика
Бюджетке қарай
Өзбекстан 2020 жылы 500 млн долларға мемлекеттік еурооблигацияларды қайта шығара алады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Өзбекстан Қаржы министрінің орынбасары Ахадбек Хайдаров мәлім етті.
Оның айтуынша, мемлекеттік еурооблигацияларды орналастыру туралы шешім нарықтағы жағдай мен бюджет қажеттілігіне қарай қабылданады.
- Егер нарыққа шығатын болсақ, кем дегенде, 500 млн доллар, - деп атап өтті ол.