Саясат
Қызмет ету мінезден!
Жыл сайын 1 желтоқсанды республика көлемінде тұңғыш президент күні деп тойлайтынымыз рас. "Елбасы - елдің тірегі" деп жалған ұрандатып, жүректен шықпаса да көсіліп мақтайтынымыз тағы рас. Әрине, Н.Ә.Назарбаев елге еңбегі сінген ерлердін бірі және бірегейі. ХХІ ғасырдағы ұлт көшбасшысы да шығар бәлкім...
Дегенмен шыңдыққа тура қарау парызымыз һәм міндетіміз. Елдін ертеңі үшін өмірін қиған, тәуелсіздік жолында талай опық жеген асыл азамат, текті тұлға, еліміздің тұңғыш президенті, отанымыздың бірінші басшысы Әлихан Бөкейханов екені ақиқат.
"Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деп ұран тастаған ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановты тарих беттерінен өшіріп тастауға тырысып жүргендер де бар. Осы сөзіме дәлел бұл күні Әлихан Бөкейханов есімі мектеп бағдарламасындағы кітаптардан мүлде көрінбейді. Сондағы бір мәселе Әлихан Бөкейхановтың ақын болмағаны ма? "Ал әдебиеттің биік шыңында тұрған ақындардың басын қосқан кім еді?" деген сауал келеді ойға.
Алаштың арда ұлдарына жасаған жақсылығымыз 10 сериялы "Тар заман" фильмін түсіре салу ма? Өзінін өр рухты батыры "Ертұғрылға" 200 сериялы фильм түсірген түркі халқынан қай жеріміз кем? Әлиханның қазаққа жасаған еңбегі, Ертұғрылдың түрік еліне жасаған жақсылығымен пара-пар емес пе?
Қырттың сөзін сөйлемей, жұрттың сөзін сөйлеген ұлт көсемін ұлықтау ұлы парызымыз! Мемлекетіміздің ірге тасын қалаған тұлғаны жадымыздан шығармауға тиіспіз.