Денсаулық

Адамның құлағы тарақандар үшін «инкубаторға» айналды

Жәндіктің зардабынан құлағынан айырылып қала жаздады...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Гуандун провинциясындағы 24 жастағы ер адам құлағындағы қатты ауырсынуды сезіп ауруханаға барған.  Дәрігерлер бұл адамның ауруына оның құлақ қуысындағы ондаған тарақандар себеп болғанын білгенде қатты үрейленді.

Дәрігерлер сондай-ақ бір әйелдің құлағынан жаңбырдан қашып кіріп кеткен тірі тарақанды алып тастады, ал ер адам отит ауруын халықтық әдіспен емдеп, құлағынан айырылуға шақ қалды.

Аты жарияланбаған бір жас жігіт түн ортасында құлағының қатты ауыруынан және «бірдеңе тырнап, жүгіріп жүргендей» сезіммен оянды. Ер адамның құлағына туыстарының бірі шам жағып қарағанда, құлағының қуысынан жәндік тәрізді бірдеңені байқады. Келесі күні таңертең ол отоларингологтың кеңсесінде болды. Доктор Чонг И Цин пациенттің күдігін растап, оның құлағынан пруссиялық тарақандар  отбасын - жаңадан салынған 10 дернәсіл және құлақ қуысынан үлкен ұрғашы тарақанды тапты. 

Клиника отоларингологының орынбасары, доктор Цзян Тэнгсиангтың  айтуынша, науқастың төсек басында жанына тамақ қалдырып, Прусака тарақандарының назарын аударатын әдеті болған. Ер адам ұйықтап жатқанда, жәндіктер оның құлағына кіріп, есту арнасын таңғажайып инкубатор ретінде қолдана бастады.