Спорт

Месси «Алтын доп» жүлдесін алтыншы мәрте жеңіп алды

Роналдудан озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аргентина құрамасы мен «Барселона» клубының сұрмергені Лионель Месси «Алтын доп» жүлдесін алтыншы мәрте жеңіп алды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталады. Месси осымен бұл жүлдені алтыншы мәрте жеңіп алды. Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға Криштиану Роналду жайғасса, үздік үштікті Вирджил Ван Дейк қорытындылады.

Париждеөткен марапаттау рәсімінде өзге аталымдар бойынша жеңімпаздар да анықталды. «Копа Трофи» жүлдесі «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигтке берілді. 20 жастағы голландиялық ойыншы өткен маусымда табысты өнер көрсетті. Ең үздік қақпашыға берілетін Лев Яшин атындағы жүлде «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Беккерге берілді.

Сондай-ақ өткен жылғы ең үздік әйел футболшы да марапатталды. Бұл атаққа АҚШ ойыншысы Меган Рапино ие болды.

Айта кетейік, Лионель Месси «Алтын допты» осымен алтыншы мәрте жеңіп алып, басты қарсыласы португалиялық Криштиану Роналдудан озды.