Спорт
Роналду - Италия чемпионатының үздік ойыншысы
Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының сұрмергені Криштиану Роналду 2019 жылдың А сериясының үздік ойыншысы атанды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Gran Galà del Calcio-2019 сыйлығын табыстау кеші Миланда өтті. КештеИталия чемпионатының үздік футболшылары, жаттықтырушылары, төрешілері мен менеджерлері марапатталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша«Аталанта» клубы үздік команда деп танылды.
А сериясының символикалық командасы: қақпашы Самир Ханданович («Интер»), қорғаушылар Жоау Канселу, Джорджо Кьеллини (екеуі де – «Ювентус»), Калиду Кулибали («Наполи»), Александар Коларов («Рома»), жартылай қорғаушылар Миралем Пьянич («Ювентус»), Йосип Иличич («Аталанта») Николо Барелла («Интер»), шабуылшылар Дуван Сапата («Аталанта»), Фабио Куальярелла («Сампдория»), Криштиану Роналду («Ювентус»).
Gran Galà del Calcio-2019 қорытындысы:
үздік ойыншы — Криштиану Роналду («Ювентус»);
үздік команда — «Аталанта»;
үздік бапкер — Джан Пьеро Гасперини («Аталанта»);
үздік төреші — Джанлука Рокки;
Б сериясының үздік жас ойыншысы — Сандро Тонали («Брешия»).
Айта кетейік, Роналду «Алтын доп» жүлдесі үшін таласта үздік үштіктен көрінді.