Саясат

Қызылордадағы апат: Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сегіз адам көз жұмған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысы аумағындағы сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталмыш автобус Түркістан облысына қарай бағыт алған. Автобус ішінде барлығы 36 адам болған.

«Қазіргі таңда автобус ішінде болған азаматтардың жеке бастарын қатысты мәліметтер анықталуда. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов.

Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды. Оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

sputniknews.kz