Weekend

Жер бетінде жаппай ашаршылық басталуы мүмкін

Алапат ашаршылық жақын дейді...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзінде жойқын ашаршылықтың басталуы мүмкін.

Халықаралық ғалымдар тобы "Климаттың өзгеруі бүкіл әлемде ауылшаруашылық және теңіз ресурстарын едәуір қысқартады, бұл жаһандық аштыққа әкелуі мүмкін"- дейді. 

Климатологтар жақын болашақта атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды азайту мүмкін еместігін және қазіргі уақыттағы жағдайды болжау үшін зерттеулер көбейтілгенін хабарлайды.  Жаңа жобада ғалымдар тамақ көздерінің екі түрлі теориялық үлгісін жасап шығарды: ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы.

Сарапшылар тамақ өсірілетін және жиналатын аймақтарды, сондай-ақ климаттың осы аудандарға тигізетін әсерін ескерді.  Мысалы, жаһандық температураның жоғарылауы әсіресе тропиктік аймақтарға зиянды болады, ал солтүстік елдерде (Канада және Ресей) ауылшаруашылық үшін қолайлы жағдай болуы мүмкін.

Нашар жағдайда, әлем халқының 90 пайызының азық-түлік өндірісі ғасырдың аяғында айтарлықтай төмен деңгейде болады. Ауылшаруашылығы саласында бұл төмендеу 25 пайызды, ал балық шаруашылығында 60 пайызды құрайды.