Саясат
Корпоратив қалай өтеді?
Айтуынша, биыл қаржы министрлігі жаңажылдық корпоратив өткізуді жоспарлап отырған жоқ.
"Жалпы, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар корпоративті бюджет пен мемлекеттік компаниялардың қаражатына өткізбеуі керек деп санаймын. Егер бас қосқысы келсе, мұны қызметкерлердің өз ақшасына жасауға болады. Бұл жағынан проблема көріп тұрған жоқпын", - деді Смайылов үкімет кулуарында.
Бұдан бөлек, қаржы министрі азық-түлік бағасына да тоқталды.
"Дүкенге жиі барып тұрамын, апта сайын деуге болады. Тауарды өзім сатып алғандықтан, бағаның қалай өзгеріп жатқанын білемін", - деді ол.
Смайылов қараша айының қорытындысы бойынша елде инфляция жылдық мәнде 5,4%-ті құрағанын атап өтті. Қазір кейбір тауардың бағасы қарқынды өссе, кейбірі, керісінше, төмендеп жатыр. Ал енді бірінікі тұрақты.
"Мұның бәрі инфляцялық үдерістерді белгіленген дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Азық-түліктің қымбаттағаны тез көзге түсетіні түсінікті. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы біздің бақылауымызда. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деп сендірді министр.