Weekend
Ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады деп күтілуде. ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады. Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с жетуі мүмкін.
Солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты ауа температурасының мынадай ауытқуы күтіледі, атап айтқанда: батыста, солтүстік-батыста түнде 3-15 градус аяз, оңтүстік-батыста 3, күндіз 2-3, оңтүстік-батыста 8 -10 градусқа дейін аяз болады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3-8 жылы, кей жерлерде 5 -13 дейін күн суытады, күндіз 5-15 градусқа кей жерлерде 0-5 градусқа дейін жылынады. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градус, күндіз 12 аязға дейін суытады. Кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде оңтүстік-батыс бөлігінде түнде 10-20 градусқа аяз, күндіз 5-10 градусқа дейін суытады, солтүстік-шығыс бөлігінде түнде 20-35, ал күндіз 10-20 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.