Weekend

Әлеуметтік желіде танымал болған Lil Bub атты мысық қайтыс болды

Көңілсіз мысық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымалдылық сенімен қанша уақыт болатынын білмейсің. Әлеуметтік желіде атақты болған Lil Bub атты мысық көз жұмды.

Әлеуметтік желіде өте белсенділердің бірі - Lil Bub атты мысық 8 жасқа келіп көз жұмды. Ол жайлы қаралы хабарды егесі өзінің instagram әлеуметтік желісінде бөліскен. 

- 2019 жылдың 1 желтоқсанында, таңертең біз өте мейрімді, өте таза және керемет бір жанды бұл әлемнен жоғалтып алдық. Bub өте сүйкімді және махаббатқа толы еді. Сенбі күні ұйқыға кетіп, тыныш қана түсінде көз жұмды, - деп бөлісті қайғысымен Майк Бридавски. 

Lil Bub өте сирек кездесетін сүйек ауруымен ауырған. Сонымен қатар, оның денсаулығында бірнеше келіспеушіліктер болған. Мысалы, мысықтың жағы қисық, ал табандарына артық 1 саусақтан болған. Ал тілі болса, әрдайым сыртқа шығып тұрған, себебі аузында тістер өспеген деп жазады New York Times. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61