Саясат
Украина мемлекеті 10 жылға мұнаймен қамтылмақ
"Укртранснафта" және "Транснефть" компаниялары Украина жеріне мұнай тасымалдау келісімін тағы 10 жылға созды.
Украиналық компанияның баспасөз қызметінің фейсбук парақшасындағы мәлімдеуі бойынша негізгі құжатқа тағы қосымша құжат жасалған. Ол бойынша келісім 2030 жылдың 1 қаңтарына дейін созылған.
Сонымен бірге компаниялар келісімдегі шарттарды қазіргі таңдағы нарықтағы мұнай тасымалдау қызметтерінің бағасын ескере отырып толықтырған.
Сондай-ақ, компаниялардың жұмыс жасау негізгі принциптері өзгермегендігін атап өткен.
Алдын "Укртранснафте" компаниясы 2019 жылда 10 ай ішінде украиндық және европалық тұтынушыларға 12,606 миллион тонн мұнайды тасымалдаған. Оның ішінде 10,637 миллион тонн мұнай транзит болған.