Weekend

Сағымға ерген сағыныш

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сағыныштан өртегендей нала мұң,

Бұлар үшін кімге кінә артамын.

Сау басыма бұғау салып сары уайым,

Сабырсыз ғып жаратты ғой Құдайым.

Жақсы адам жаман іс әсте қылмайды,

Сол секілді сезімде зорлық болмайды.

Сан тарау жолмен бөлгенде оны бөлшектеп,

Кей кезде бізге жұрнағы түспей қинайды.

Қиналып қалам сезімсіз жүдеп мүжіліп,

Мүгедек жандай беймаза күйге бүгіліп.

Елерем кейде пері соққан пендей,

Махаббат дейтін азапты ойға булығып.

Қаннен қаперсіз қаламын сосын қабаржып,

Қара күздей қара суыққа оранып.