Саясат

НАТО басшысы: Украинаның альянстағы мүшелігіне кепілдік беремін

Ресейді қоршауға алмақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина мен Грузия НАТО-ға мүше болады, бірақ интеграцияның нақты мерзімі әзірге белгісіз. Бұл туралы НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Альянс басшысының айтуынша, 2008 жылғы Бухарестегі саммиттің шешімі күшінде қалады және елдер НАТО-ның бір бөлігі болады. Алайда Столтенберг бұл елдердің кіру процесі қашан аяқталатынының нақты мерзімін атамады.

- Қазір біз Украина мен Грузияға қалай көмектесе алатынымызды ойластырудамыз. Қорғаныс және қауіпсіздік саласында реформалар жүргізу, қарулы күштер мен институттарды жаңғырту, - деп атап өтті Бас хатшы.

Столтенберг альянстың Грузиямен өзара іс-қимылды тереңдетуге тырысатынын атап өтті.