Woman
Бұл 13 жастағы қыздың шешімі
44 жастағы Анджелина Джоли мен 55 жастағы Брэд Питтің үлкен қызы және әйел денесінде өзін ұзақ уақыт бойы жайсыз сезініп келген Шайло өзінің басты мақсатына тағы бір қадам жақындай түсті, деп хабарлайды fakty.ua.
13 жасар қыз талай жылдар бойы қыздардың киімдерінен бас тартып келді және жынысын өзгерту үшін соңғы екі жыл бойы гормондық препараттарды қабылдауда, алайда оның армандаған арманы әлі теориялық тұрғыдан мүмкін емес: хирургия үшін 16 жасқа жету керек.
Дегенмен, жасөспірім тағы бір «трансгендерлік қадамын» жасады.
Сонымен, Шайло ресми түрде есімін Джон есіміне өзгертті, енді барлық құжаттарда оның аты осылай көрсетілетін болады. Есімінің өзгеруі Джоли мен Питтің рұқсатымен болғандығын айта кеткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Vanity Fair-ге берген сұхбатында Анджелина Джоли ешқашан өз баласын «сындыратын» ата-ана болмайтындығын, баласының кез келген шешіміне қинамайтындығын айтқан болатын.
Осы «прогрессивті» көзқарастың арқасында Шайло екінші жыл Санта-Моникадағы жеке клиникада әйелдің жетілу процесін тоқтату үшін гормондық терапиядан өтіп жүр.