Саясат

Үш жыл қамауда отырған қазақ ғалымы ақталып шықты

Ғалымжан Мамытбеков ақталып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Енді химик-профессор заңсыз үкімнің кесірінен отырып шыққан үш жылына өтемақы талап етемін деп отыр.

Жоғары сот “Қазатомөнеркәсіптің ақшасын жымқырды” деп айыпталып, 80 миллион теңге төлеу талап етіліп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған белгілі қазақстандық ғалым Ғалымжан Мамытбековті ақтап шықты.

Негізі, прокурорлар бұл шешімге төрт рет наразылығын білдірді. Ал бүгін Жоғары сотта қаралған бесінші шағым соңғысы болды. Бұл жолы тағы да прокурорлар жеңіліс тапты. Сот алқасы Мамытбековке тағылған айып жалған, куәгерлердің жаласы да қисынсыз деп санайды. Енді химик-профессор заңсыз үкімнің кесірінен отырып шыққан үш жылына өтемақы талап етемін деп отыр.

Ғалымжан Мамытбеков, ғалым:

– Прокурордың шағымы келгенде, “неге кетіп қалмадым” деген менде өкініш болды. Шетелге жақсы өмір сүру үшін емес, зерттеуші-ғалым ретінде өзімді дамытуға барғым келген. Енді мен елімізде толыққанды ғылыми жұмыстарға араласатыныма сенімді емеспін.

dalanews.kz