Саясат

Тоқаевтың Германияға не үшін баратыны белгілі болды

Мемлекет басшысы кіммен кездеседі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады. Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.