Weekend

Саны еселеп азаюда: Қытай неге есекті қырып жатыр?

Есектен Қытай елі жасайтын дәрілер түрі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Есек жануарын адамзат қолға үйреткеніне 6 мың жылдан асты. Алғаш Мысырда қолға үйретілген есектің бүгінде саны еселеп азайып, құрудың алдында тұр. Оған басты себеп Қытайдың аталмыш жануарға қатысты кәсіби көзқарасында болып отыр. Қытай есекті қайтпек сонда?

Қытайда есектің терісінен эцзяо атты дәрі жасалады. Тарихы мыңдаған жылдарға созылатын бұл өнімді Қытай императорлары, кейіннен Мао Цзэдун қолданғаны белгілі. Эцзяо мыңдаған ауруға ем, тіпті, өлместің дәрісі деп аталғандықтан, халық оны жаппай сатып алуға тырысады. 

2007 жылы келісі 70 доллар тұрған бұл дәрі, бүгінде 800 долларға саудаланады. Қытай жаппай сатып алғандықтан, есекті жаппай саудалайтын елдер де табылуда. Олардың қатарында Орталық Азия елдері, Африка мемлекеттері мен Иран, Пәкістан, Испания, Бразилия, Түркия елдері көш бастауда. Мысалы, Кенияда бір жылда 300 мың есекті терісін алу мақсатында пышаққа жіберген. Бұл Кениядағы есектердің 15% құрайды. 

Donkey Sanctuary ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылға дейін Қытай 22 млн есекті терісі үшін құрбан етпек. Ал бұл саясат жалғаса берсе, 2030 жылға қарай әлемде есек жануары қалмауы мүмкін.