Саясат
Еліміз халықтың шетелге кетуінен ЕАЭО-да көш бастады
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елден 34,2 мың адам кетіп, 8 мың адам келгені және көші-қон жылыстауы 26,2 мың адамды құрағаны хабарланды.
ЕАЭО статистикасы екі теріс көрсеткішті анықтады. Біріншіден, Қазақстандағы бұл ағын көрсеткіші 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 17,8%-ға өскен. Екіншіден, елдегі эмигранттар мен иммигранттар арасындағы айырмашылық Одақтағы ең жоғары нәтижені көрсетті.
Осылайша, Армениядағы көші-қон ағыны тоғыз айда 14,7 мың адамды құрады (6,4 мың адам келді, 21,1 мың адам кетті), ал Қырғызстанда — 4,4 мың адам (1,1 мың адам келді, 5,5 мың адам кетті).
Бұл ретте Одақтың басқа елдерінде көші-қон өсімі тіркелді. Есепті кезеңде Ресейге 490,9 мың адам көшіп келді, ал елден 297,7 мың адам көшіп кетті. Ресейден қоныс адарғандар саны 193,2 мың адамға өскен.
Халықтың табиғи өсіміне келер болсақ, Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырмашылық 201 мыңды немесе 1 мың адамға шаққанда 14,5-ті құрады.
Қырғызстанда бұл көрсеткіш 1 мың адамға шаққанда 21,9-ды, Арменияда — 3,1-ді құрады.
Өз кезегінде Беларусьте 1 мың адамға шаққанда 3,5, ал Ресейде – 2,1 табиғи кему байқалды.