Weekend

Тілге құрмет - елге құрмет!

Әлеуметтік желідегі тіл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тіл-мемлекеттің айнасы  десек  артық етпес, алайда ауруын  жасырғанмен  өлімі  әшкерилемей ме?! Қазіргі таңда онсызда өз  елінде  өзге  тілмен бәсекеге түсіп  жатқан қазақ  тіліміздің  деңгейін  түсіріп, лексикалық мағынасын жоғалтыпып баражатқандаймыз! Әсіресе,  әлеуметтік  желілерде бар  жоғы  қазақтың  өзіне ғана  тән  9  әріпін  қолдануға  ерінетініміз  жоқ  емес!

"Іні-ини","аға-ага","шың-шын"болып, ең  масқарасы "қазақ"  сөзінің "казак" деп жазылғаны, сонда еріксіз біз қазақпыз ба  жоқ  әлде  казакпыз ба?! деген  сұрақ  туындайды! Талайлаған  интернет  парақшаларында   мұндай  қателіктер  толып  жатыр. Дегенмен  көз үйреніп ,сөз  көнген  мұндайларға  көп  ешкім мән  береде   қоймас. Алайда  ең  қынжылтатыны  мұндай  қателік көбінесе  оқушылардың білім  алу  және  жеке   ашылған, қадағалауға  алынбаған интернет  парақшаларында  жиі  кездеседі,яғни  жас жеткіншектер білім  алу барысында  мұндайды  бойына  сіңіріп  өсетіні айқын.

Әрине  мақсат  бетке  басу  емес,кеткен  кемістіктің  орнын  толтыру,анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған  ана  тіліміздің жайын  өзіміз  қолға  алмасақ,өзгелер  келіп  басымыздан сипамасы  анық. Сондықтан  әрқайсымыз қазақтығымызбен адамдығымыздың алдындыда  адалдық  танытып, тіліміздің  жанашыры  болайық!