Саясат
Польша президенті Анджей Дуда Ресей Федерациясын НАТО ұйымының жауы деп есептемейтінін мәлімдеді
Польша президенті Анджей Дуда Ресей Федерациясын НАТО ұйымының жауы деп есептемейтінін мәлімдеді. Мұны РИА Новости хабарлады.
Лондон қаласында өткен саммит соңында "Ресей НАТО ұйымының жауы ма?" деген сұраққа Дуда мырза "Жау жоқ. Қазіргі кезде НАТО-да ешқандай жау жоқ. Жау деп мүмкін мемлекеттік емес террористік бағыттағы ұйымдарды атауға болатын шығар" деп жауап берді.
- Бұл (ред. Ресей) біздің кейбір мәселелерде келісе алмайтын көршіміз, - деп толықтырды.
Дуда мырзаның айтуы бойынша Мәскеумен келіссөздер жүргізу керек. Себебі Ресей - көрші, Ресей - серіктес.