Weekend

Қар астындағы жауқазын

Арнау жыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Гүл сыбыры

Жел үні

Жоқтайды қызын тәңірі

Жауқазындай қысқа еді

Сабира қыздың ғұмыры.

Желтоқсан сызы

Жауқазын гүлді

Ұшырды саясат былығы.

Ашылмай сыры

Сұралмай құны

Желтоқсан желі еседі.

Ұмытпа мәңгі

Ұмытпа гүлді

Мерт болған ел деп кешегі.

Қар астындағы

Жауқазын гүлдің үсімейді екен шешегі.

Сабира қызың жауқазын болып

Жыл сайын елде өседі.

Қысқа ғұмырлы

Осынау гүлді

Сәбира сүйген деседі....