Weekend

Алматылықтар назарына: Енді балаларыңыз шаңғы тебуді тегін үйрене алады

Жақсы жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Спорт – денсаулық кепілі. Иә, салауатты өмір салтына мән беріп, спортпен айналысу қай заманда да сәнде болары анық. Әсіресе, жас буынды кішкентайынан спортқа баулу – балаңыздың жарқын болашағының кепілі. Осы орайда, Алматы қаласының әкімдігі барлық ата-аналарға жақсы жаңалықты жеткізді. Енді балаңыз шаңғы тебуді тегін үйрене алады. «Алматы спорты» әлеуметтік жобасы аясында тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрету үшін 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Оқу туралы жалпы мәлімет

Әкімдіктің айтуынша, 10-12 жастағы балаларға шаңғы тебуді оқыту курсы 2-31 желтоқсан аралығында өтеді. Әр балаға кәсіби нұсқаушылар төрт сабақтан өткізеді. Сабақ екі ауысымда 60 минут бойы жүреді. Бірінші ауысымның сабағы - сағат 8:00-де, екіншісі - сағат 14:00-де басталады. Ұйымдастырушылар тарапынан шаңғы курортына дейін апаратын көлік және қажетті заттар ұсынылады. Сонымен қатар оқуға қажетті заттар: шаңғы, таяқтар, бәтеңке, шлемдер.

Оқуға тіркеу қалай жүргізіледі?

Тіркеу Бөгенбай батыр, 66 мекенжайында, almatysporty.kz сайтында немесе info@arnage.kz электронды поштасы және +7 (707) 245 7255 WhatsApp нөмірі арқылы жүргізіледі.

Оқуға тіркелу үшін қандай құжаттар қажет?

- ата-аналардың жеке куәлігінің және баланың туы туралы куәлігінің көшірмелері (2 көшірмеден);

- отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы (болса) анықтамалар, құжаттар (көпбалалы, аз қамтылған);

- нақты тұратын мекенжайы, байланыс телефоны;

- баланың мектепке қай ауысымда баратынын көрсету қажет.