Weekend

«XXI Педиатриясы»: Алматыда университет күндері өтеді

Алматыда университет күндері аясында екі бірдей халықаралық конференция өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

5-6 желтоқсан күндері С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Соncordia» театрында «XXI Педиатриясы. Заманауи сын-қатерлер мен үрдістер» атты университет күндері өтеді.

Алматыдағы университет күндері С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, сонымен қатар Қазақстан «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылуымен өткізіледі. Бұл шараға Ресей, Литва, Корея, Түрік елінің және т.б. шетелдік және отандық педиатр мамандары мен ғалымдары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, республиканың үздік педиатрлары мен қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысады.

Бұл шара аясында «Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе», «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты екі халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

ҚР Педатрия саласының бүгіні мен болашағын саралау, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту — іс-шараның басты мақсаты. Конференцияда педиатрия ғылымы, білім беру мен практиканың интеграциясы, педиатрия саласындағы жетістіктер, педиатриялық қызметтің басқа негізгі мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар конференция кезінде ауызша және постерлік баяндамалар да болады.

Айта кететін жайт, университет күндері аясында ел нарығындағы медициналық және фармацевтикалық өнімдердің көрмесі де өтеді.