Weekend

Instagram қосымшасына тіркелу үшін жас шектеуі енгізілді

Instagram Direct-тің жаңа функциясы пайда болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Instagram әлеуметтік желісі қосымшаға тіркелу үшін 13+ жас шектеуін енгізді.

Егер Facebook-тегі жеке бет Instagram-дағы аккаунтпен байланысқан болса, әлеуметтік желі Facebook-тен туылған күнін автоматты түрде қосады. Егер қолданушы Facebook-тегі туған күнін өзгертсе, Инстаграмдағы күн де өзгереді.

«Бұрын Instagram желісі адамдардан жасын көрсетуді талап етпеді. Өйткені компания Instagram-ның барлығы өз ойын білдіретін орын болғанын ғана қалады. Осыны ескере отырып, Instagram желісі аталмыш платформаның басқа пайдаланушыларына туған күндері туралы ақпаратты көрсетпейді», — деп Instagram баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар бұл компания жастарды қауіпсіздендіретін басқа да өзгерістерді енгізуді жоспарға алып отыр. Мысалы бұл желіде құпиялылықтың көптеген параметрлері пайда болуы мүмкін.

Алдағы күндері бұл әлеуметтік желіде Instagram Direct-тің жаңа функциясы пайда болады. Бұл функция бойынша пайдаланушылар жеке парақшаларына тіркелмеген адамдарға хат жазуға және чаттарға өздерін қосуға тыйым сала алады.