Саясат

Ерлан Қарин президенттің шетелдегі сапарларына қатысты пікір білдірді

Тоқаевтың Германияға сапары басталып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі сапарларына қатысты пікір білдірді.

«Бүгін ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталып жатыр. Мемлекет басшысы лауазымына кіріскелі бұл осымен шетел мемлекетіне бесінші сапары, оның ішінде үшеуі Мемлекеттік сапар мәртебесіне (Өзбекстан, ҚХР, Қырғызстан) ие болды. Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапары кезінде 13 шетел көшбасшысын және делегация басшыларын қабылдады», - деді Е. Қарин Telegram парақшасында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.