Саясат

Макронның қателігі: Ресей батыс Балқанды басып алуы мүмкін

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис Франция президентін айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис Эмменуэль Макрон Ресейдің Батыс Балқан елдерінің істеріне араласуына жол ашты деп мәлімдеді. Бұл туралы Express сайты хабарлады. 

Франция президенті қазан айында Солтүстік Македония мен Албанияның одаққа қосылу туралы келіссөздерді күшінен қалдырған болатын, Мицотакис мырза бұл әрекетті «қателік» деп атады. 

- Мен бұл қателік дұрыс болсын деп үміттенемін, - деді Грекия премьер-министрі. - Париждің бұзғыншылық әрекеті Ресейдің Батыс Балқан аймағын басып алуына себеп болуы мүмкін. 

Мәскеудің аталмыш аймаққа араласуы туралы сұраққа Мицотакис мырза Financial Times газетінің тілшілеріне берген сұхбатында:

- Мен қатты уайымдадым, мазасызданып отырмын, әрі қарай да алаңдай беремін. Сондықтан мен Еуропалық кеңесте қабылданған шешімді қайта қарау керек деп ойлаймын, - деді.

Грекия басшысы Макронды Еуропа Одағын кеңейту туралы өз көзқарасын қайта қарастыруға Солтүстік Македония мен Албанияға мүшелік келіссөздерін бастауға мүмкіндік беруге шақырды. Сонымен бірге оның бұл әрекеті барлық Еуроодақ елдерінің ашуландырғанын айтты.