Саясат

Трамп Ердоғанмен кездесті

Ал әлем Ердоғанға қарсы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Англияда өткен НАТО басшыларының сәрсенбі күнгі үлкен жиналысы аралығында Трамп Ердоғанмен кездесу өткізді деп хабарлайды, "Politico" ақпараттық агенттігі.

Президент Дональд Трамп сәрсенбі күні таңертең үкіметтің Анкараға қатысты ұстанымын қайта қарастырғаннан кейін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен жасырын кездесуге қатысты. Сонымен қатар ол Сирия саясатына даулы өзгерістер енгізді.

Трамптың ашық кестесінен тыс болған кездесу НАТО басшыларының сәрсенбіде Англияның Уотфорд қаласында өткізген үлкен жиналыстың аясында өткен, бұл туралы Түркия президентінің Twitter-дегі ресми аккаунты жариялады.

Ақ үй де бұл кездесудің болғанын растап, Трамп пен Ердоған «екіжақты сауданы 100 миллиард долларға ұлғайту, аймақтық қауіпсіздік пен энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша Түркияның одақтық міндеттемелерін орындау маңыздылығын» талқылады деп мәлімдеді.