Саясат

Қазақстаннан 9 мың шетелдік шығарылды

Заң бұзған шетелдіктер елден шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басталғаннан бастап тоғыз мың шетелдік Қазақстаннан шығарылған. Олар еліміздің әкімшілік кодексін бұзғаны анықталған. Бұл жайында миграция мәселесі бойынша арнайы дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы айтты. 

Аталмыш жылы әкімшілік жазаға заң бұзған 76,2 мың шетелдік тартылған. 43 қылмыстық іс ашылған. 

Өткен жылы арнайы брифинг барысында ІІМ шетелдік азаматтар 330 мың мәрте Қазақстан заңын бұзғанын жеткізген еді. Үш жылдың ішінде елімізден 36 мың шетелдік шығарылып, 3506 қылмыстық іс ашылған.