Саясат
Қойылым Алматының кішкентай көрермендеріне тарту етілді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБұл спектакль орыст театр режиссері әрі продюсері, Ресей Федерациясы театр қайраткерлері одағының мүшесі, Халықаралық «КУКART» театр фестивалінің президенті Давид Бурманның туындысы. Көпшіліктің көңілінен шыққан, жүйелі мағынасы бар туынды алғаш рет Бурят елінде, ал екінші рет Қазақстанда балаларға тарту етілді.
«Айко мен Страшко» қойылымының режиссері Давид Бурманның айтуынша, қойылымның тәрбиелік мәні зор. Спектакль жас буынға ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты ажырата білуге тәрбиелеп, біреудің ала жібін аттамауға баулыйды.
Естеріңізге сала кетсек, қойылым алғаш рет орыс, бурят, моңғол тілдерінде қойылған болатын.
Бұл спектакльдің желісі достыққа, адамгершілік қасиеттерді құрметтеуге бағытталған. Басты рольді сомдайтын Айко және Страшко есімді қарақшы. Қанатын жаралап алған Айко есімді құтанды, Страшко есімді қарақшы құтқарып, қысты аман-есен өткізуге көмектеседі. Ал көктем келгенде Айко таңдау жасауы керек. Өз үйіне, достарына қарай ұшып кете ме? Жоқ, жаңадан тапқан досы Страшкомен бірге қала ма? Спектакльдің философиялық мағынасы терең болғандықтан, кішкентай көрермендерге ерекше әсер қалдыратыны анық.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61