Weekend

Ахмет-Алатау

Аласармас тұлға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сайын даланың төсінде қанатын кенге жайып, қасиетті мекенді құшағына қысып отырған қарт Алатау құдды бір Ахметтей елестейді көзіме...

Алаштың аспанында мәңгі сөнбес жарық жұлдыз, таутұрпат тұлға, кемел кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының тағдыры таршылық, тамұқ.

Ахмет Байтұрсынұлы орыстың озбыр саясатына қарсы күрескен оғлан, сескенбей Сталиндік сеңді бұзған саясаткер.

Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, әлемге әмірі жүріп тұрған Сталинге қарсы шығу көптін қолынан келмейді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы - көптін бірі емес, ұлттың ұлы.

Алаштың арда ұлы Мұқағали Мақатаев һәкім Абайды бір ауыз сөзбен "Абай-Гималай" деп атапты.

Ал мен тұғыры таудан да биік Ахметті, басында мәңгі қар жататын Алатауға теңер едім. Сайын даланың төсінде қанатын кенге жайып, қасиетті мекенді құшағына қысып отырған қарт Алатау құдды бір Ахметтей елестейді көзіме...

Ахмет-Алатау! Мәңгі биік Алатау! Аласармас Алатау!